Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытайға ресми сапар жасайды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сапар бағдарламасы:
-
31 тамыз – 1 қыркүйек: Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ саммитіне және «ШЫҰ плюс» форматындағы жиынға қатысады.
-
2 қыркүйек: Бейжіңде Қазақстан – Қытай Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездеседі.
-
3 қыркүйек: Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
Негізгі тақырып – қазақ-қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін дамыту.
