18 сәу, 2025 сағат 12:15

Тоқаев пен Путин телефонмен сөйлесті

Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Одан өзге, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Әңгіме соңында қос мемлекет басшылары Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Аталған шараларға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланып отыр.