24 ақп, 2023 сағат 16:35

Тоқаев Түркия мен Сириядан оралған құтқарушыларды марапаттады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан құтқарушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ІI дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
  • Топанов Құрманғали Сатыбайұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі. 

"Құрмет" орденімен:

  • Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
  • Сойко Руслан Анатольевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;
  • Цой Владимир Константинович – Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.

"Ерлігі үшін" медалімен:

  • Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы – Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
  • Арифджанов Султан Бахтиярович – Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
  • Берлыбеков Ерік Берікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
  • Горбачев ВиталийЕвгеньевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
  • Денисов Дмитрий Анатольевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
  • Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;
  • Оразалин Қахарман Нұртасұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
  • Сарсембаев Абдолла Валериевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

  • Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі. 

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

  • Гудеев Николай Николаевич – "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
  • Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы – "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

  • Қаппасов Наурыз Мерекеұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.