10 ақп, 2020 сағат 16:58

Тоқаев пен Жээнбеков Қордай жанжалын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.