02 мам, 2025 сағат 16:52

Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

Фото: Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні ретінде 8 мамырды белгіледі. Ол сондай-ақ нацистік Германиямен күресте америкалықтардың ерекше рөлі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Трамп Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардағы жеңістерде Америка Құрама Штаттарының «салыстыруға келмейтін» үлесін атап өтіп, әр соғыс үшін Жеңіс күндерін белгілеу керектігін айтты. Бұл туралы ол Thruth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Республикандық саясаткер америкалықтарды «жеңісті тойлауды бастауға» шақырды. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні 11 қарашада, ал Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні 8 мамырда атап өтілетін болады.

«Біз екі соғыста да жеңіске жеттік, күш-қуат, батырлық пен әскери шеберлік тұрғысынан бізге тең келетін ешкім болмады. Бірақ біз ештеңені атап өтпейміз — себебі бізде енді мұны қалай жасау керегін білетін көшбасшылар жоқ! Біз өз жеңістерімізді қайтадан атап өтуді бастаймыз!» — деп жазды Трамп.