© AP Photo / Alex Brandon
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде Газа секторындағы қақтығыстың ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BILD.
Израильге арнайы сапармен барған Трамп журналистердің «Газадағы соғыс ресми түрде аяқталды ма?» деген сұрағына қысқа да нық жауап берді:
– Иә. Бұл – ұлы күн. Бұл мүлде жаңа кезеңнің бастауы. Көшелерден ерекше сүйіспеншілікті сезіндім. Бұрын-соңды мұндай болмаған шығар, – деді ол.
Президент сөзінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісінің басталғанына сенім білдірді. Сонымен қатар, тілшілердің «егер террористер атысты тоқтату шарттарын бұзса, не болады?» деген сауалына Трамп:
– Олар ережені ұстанады, – деп қысқа қайырды.
АҚШ көшбасшысы кепілге алынғандардың босатылуына да тоқталып, олардың ерлігі мен батылдығын атап өтті.
Айта кетейік, Дональд Трамп бүгін Израиль астанасы Тель-Авивке келді. Оны елдің жоғары лауазымды тұлғалары қарсы алды. АҚШ президенті Таяу Шығыстағы атысты тоқтату шараларына қатыспақ.
Сондай-ақ Газа секторының солтүстігінде ХАМАС ұстап отырған израильдік тұтқындар босатыла бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін 20 адам бостандыққа шығуы мүмкін.
