12 қаң, 2026 сағат 18:38

Трамп Иран басшылығы АҚШ-пен келіссөзге шыққанын мәлімдеді

Фото: BBC

Трамп ирандық басшылар АҚШ-пен "келіссөз жүргізу" үшін байланысқа шыққанын хабарлады, ал Аятолла Хаменей Трампты әжуалады, деп хабарлайды Ult.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы Air Force One ұшағында журналистерге мәлімдеп, қазіргі таңда кездесу дайындығы жүріп жатқанын айтты. Алайда оның сөзінше, бұл кездесу өтпей тұрып-ақ әрекет етуге тура келуі мүмкін.

"Олар, шамасы, соны бастап жатқан сияқты", — деді Трамп Иранда наразылық білдірушілердің қаза табуына байланысты "қызыл сызықтан" өтілді ме деген сұраққа жауап бере отырып.


"Әскерилер жағдайды зерттеп жатыр, біз бірнеше өте қатаң нұсқаны қарастырып отырмыз", — деп қосты ол.


Өткен аптада Трамп Тегеранды егер Иран көшелеріне шыққан демонстранттарды өлтіру басталса, АҚШ араласатынын ескерткен.

Ирандағы наразылықтар екі аптадан бері жалғасып келеді. Елде интернет өшірілген, бұл ақпарат жинау мен тексеруді айтарлықтай қиындатып отыр.

Ал осы уақытта Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеи X желісіндегі парақшасында АҚШ президенті Дональд Трампты көне перғауын кейпінде бейнелеген сурет жариялап, оны сөзсіз құлдырау күтіп тұрғанын ескертті.

"Әдетте әлемдік үстемдікке ұмтылған менмен билеушілер өз қуатының шегіне жеткен кезде құлатылады. Мұны да дәл сол тағдыр күтіп тұр", — делінген жазбада.



Айта кетейік, кұқыққорғаушылардың дерегінше, қаза тапқандар саны 500 адамнан асқан: 490 наразылық білдіруші және 48 күштік құрылым қызметкері.