Фото: Reuters
АҚШ-тың мемлекет басшысы Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда кездесу өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Кеше Ватиканда өткен Рим Папасының қоштасу рәсіміне әлем елдерінің көшбасшылары жиналды. Солардың қатарында АҚШ президенті Трамп пен Украина президенті Зеленский де болды. Рәсім аясында екі ел басшысы 17 минуттық қысқа кездесу өткізді. Ақ үйдің хабарлауынша, кездесуде екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселесі қозғалды.
Кездесуден кейін тараптар диалогты бейресми форматта жалғастыруға уағдаласты.
Сарапшылар бұл кездесуде Украинаға көмек пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыптары талқыланған болуы мүмкін деп болжайды.