03 қаң, 2026 сағат 17:13

Трамп: Венесуэла президенті жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

“Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді. 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:00-де Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында Венесуэладағы жағдайға қатысты баспасөз конференциясы өтеді”, – деп жазды Трамп.


Бұған дейін CBS News Дональд Трамптың Венесуэла нысандарына соққы жасау туралы бұйрық бергенін хабарлаған еді.