20 қар, 2021 сағат 10:16

Түркістан облысы вакцинация бойынша алдыңғы орынға шықты


Түркістан облысы вакцина салдырғандар саны жөнінен Алматы қаласын озып, республика бойынша алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«20 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 620 968 адам, II компонентін 7 929 289 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 017 422 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 953 289 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 192 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 014 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 863 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 859 709 адам екінші бөлігін қабылдаған.