Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиялық Orzax Group компаниясының басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады. Кездесуде Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшысы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) өндіретін зауыт салу туралы бастаманы қолдап, бұл жобаның отандық фармацевтика саласын әртараптандыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға үлес қосатынын атап өтті.
Селман Алимоғлының айтуынша, компания өндірісті дамытумен қатар, ғылыми-зерттеу мен инновация бағыттарына да басымдық береді.
Қазіргі таңда Orzax Group ББҚ-ның 150 түрін шығарып, 60 елге экспорттайды. Қазақстандағы зауыт жобасына 40 млн доллар инвестиция салынып, 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бұл жоба еліміздің фармацевтика секторындағы ірі әрі стратегиялық серіктестіктердің бірі болмақ.
