15 ақп, 2023 сағат 12:14

Түркияда 77 жастағы әжей 212 сағаттан кейін құтқарылды

© Photo: Anadolu

Түркияда жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткен соң үйінді астынан 77 жастағы әжей құтқарылды, деп хабарлады Anadolu.

Фатма Гюнгёр Түркияның Адыйаман провинциясында табылды. Қазір ол ауруханада жатыр.

Зардап шегушінің туыстары құтқарушыларға шын жүректен алғыс білдірген.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Кейінгі деректер бойынша, оқиға салдарынан екі елде 40 мыңнан аса адам қаза тапты.