14 ақп, 2023 сағат 15:39

Түркиядағы жер сілкінісі: 198 сағаттан кейін тірі қалғандар табылып жатыр

Фото: REUTERS/Umit Bektas

Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан тағы үш адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан құтқарылды. 14 ақпанда таңертең ондаған құтқарушылардың күш-жігерінің арқасында 17 жастағы Мухаммед Энес Йенинар мен оның ағасы 21 жастағы Баки Йенинар аман қалды. Жаралылар ауруханаға жатқызылды.

Түркияның Адыяман қаласында тағы бір адам құтқарылды. 18 жастағы Мұхаммед Жафер Четиннің орнын түрік әскерилері, кеншілер мен еріктілерден құралған құтқару тобы анықтады. Тоғыз күн үйінді астында қалған жігіт ауруханаға жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырылды.