01 нау, 2023 сағат 09:44

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 45 мыңнан асты

Фото: aa.com.tr

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелген. Қазіргі кезде апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдердің тиісті қызметтерінен 6 368 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ жұмысқа 234 мыңнан астам тартылған. Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар. Хабарламаға сәйкес, қалпына келтіру жұмыстарына экскаваторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасушы машиналар, тіркемелерден тұратын 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілгені атап өтілді.

Сонымен қатар 11 провинция мен 332 елді мекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қазақстаннан Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушылары да атсалысты.