Фото: ашық дереккөз
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған түркі мемлекеттерінің азаматтарына жұмыс істеу мен кәсіпкерлікпен айналысуды жеңілдететін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді кімдерге жеңілдік беріледі?
-
Қазақстан
-
Өзбекстан
-
Қырғызстан
-
Әзербайжан
-
Түрікменстан азаматтары
Бұл елдердің азаматтары Түркияда азаматтық алмай-ақ немесе күрделі рұқсат рәсімдемей-ақ жұмыс істей алады және бизнес аша алады.
Тек әскери және күштік құрылымдарда қызмет етуге рұқсат жоқ.
Жұмыс рұқсатын алу үшін не қажет?
-
Түркияда тұруға ықтиярхаттың (ВНЖ) болуы;
-
Кәсіби қызмет барысында қауіпсіздікке қатер төндірмеуі;
-
Шетелде алынған диплом немесе сертификаттардың теңдігін растау;
-
Түркі қауымдастығына жататынын дәлелдеу.
Сонымен қатар түркі елдерінен келген мамандар Түркия азаматтарымен бірдей кәсіби бірлестіктерге тіркелуі тиіс, бірақ сайлауға қатысу құқығы болмайды.
Бұл шешім неге қабылданды?
Жарлық 2025 жылдың 7 қазанында Әзербайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 12-саммитінен кейін қабылданды. Саммитте ел басшылары экономикалық интеграцияны тереңдетіп, түркі әлемі ішінде жұмыс күшінің еркін қозғалысына жағдай жасауға келісім берген еді.
Бұл қадам Түркия мен түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады деп күтілуде.
