14 қаз, 2025 сағат 13:03

Үкімет отырысында үш облыс экономикасы сынға алынды


Фото: Премьер-министрдің ресми сайтынан

Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен республикалық бюджеттің орындалу барысы талқыланды. Онда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов кейбір өңір басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмен нәтиже көрсеткен Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.

«Артта қалған өңірлердің басшылары жағдайды түзету үшін бар күш-жігерін жұмсауы керек», деді Олжас Бектенов.


Премьер-министр қазіргі жағдайда экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын көбейту мақсатында мемлекет пен бизнес өзара тиімді ынтымақтастық орнатуы қажет екенін атап өтті.