Фото: СЦК
Енді ҰҚК Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін бақылайды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен ҰҚК-ға сыни маңызды объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін бақылау функциясы берілді.
Бұл туралы Президенттің жарлығында айтылған.
Енді ҰҚК ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және басқа да қауіпті схемаларды анықтау үшін деректерді басқа мемлекеттік органдармен бөлісе алады.
