1. Теңгенің атауы түркі тілінен шыққан
«Теңге» сөзі көне түркі тіліндегі «денге» немесе «таньга» сөзінен шыққан, мағынасы – «таразы», «өлшем», «құн» дегенді білдіреді. Бұл атау ежелгі түркілердің күміс ақшасына да қолданылған.
2. Алғашқы теңге банкноттары шетелде басылған
1993 жылы алғашқы теңге купюралары Ұлыбританияның әйгілі Harrison and Sons фабрикасында басылып шыққан.
3. Теңге дизайнын қазақстандық суретшілер әзірлеген
Ұлттық валютаның алғашқы дизайнын төрт қазақ суретшісі – Хайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов және Тимур Сүлейменов жасаған.
4. Алғашқы теңгеде ұлы тұлғалар бейнеленді
1993 жылғы алғашқы банкноттарда Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абылай хан, Шоқан Уәлиханов және Абай Құнанбайұлы бейнелері салынған болатын.
5. Теңге күні – ұлттық мереке
1993 жылғы 15 қараша күні теңге айналымға енді. Сол күннен бастап 15 қараша – Ұлттық валюта күні ретінде жыл сайын аталып өтеді.
6. 1995 жылдан бері теңге Қазақстанда шығарылады
Алғашқы жылдары банкноттар шетелде басылса, 1995 жылы Алматыда Қазақстанның Банкнот фабрикасы ашылып, теңге толықтай елімізде шығарыла бастады.
7. Теңге – ең қорғалған валюталардың бірі
Қазіргі банкноттарда 25-тен астам қорғаныс элементі бар. Бұл көрсеткіш бойынша теңге әлемдегі ең жоғары қорғалған валюталардың бірі саналады.
8. Теңге тиыннан тұрады
Тиын монеталары алғаш 1993 жылы айналымға енген, бүгінде ұсақ саудада сирек кездеседі.
9. Теңге халықаралық марапаттарға ие болған
2011 жылы жаңа үлгідегі 10 000 теңгелік банкнота "Ең үздік банкнот дизайны" номинациясы бойынша халықаралық сыйлыққа ие болды.
10. Теңге символы бар
2007 жылы теңгенің арнайы белгісі – ₸ қабылданды. Символдың авторы – дизайнер Саян Ислямов. Бұл белгі бүгінде халықаралық қаржы жүйесінде ресми танылған.
181 рет оқылды