13 қаң, 2020 сағат 12:38

Үндістанда демалып жатқан қазақстандықтардың ұшағы бір тәлікке кешігіп жатыр

Үндістанның Гоа штатында демалған туристер мінетін ұшақтың ұшу мерзімі бір тәулікке кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Гоада демалып жатқан қазақстандықтардың бірі – Алексей Абрамовтың айтуынша, қазақстандық Sunday Airlines әуе компаниясының DV492 рейсі 13 қаңтар күні сағат 23:55-те Алматыға ұшуы керек болатын. Бірақ «Concord Exotic Voyages Goa» қабылдаушы компаниясының өкілдері таңертең рейстің 14 қаңтар сағат 20:00-ге ауыстырылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қонақүйдегі бөлмелерін босатуға тиіс туристерді жайғастыру мәселесі шешіліп жатыр.

Әуе компаниясындағылар ҚазАқпарат тілшісіне «техникалық себептерге байланысты бір ұшақ қатардан шығып қалып», кесте өзгергенін мәлім етті.