19 ақп, 2021 сағат 17:00

«Үркер». Ақберен Елгезек

Youtube әлеуметтік желісіндегі Abai TV арнасында тұрақты түрде ұсынылатын «Үркер» әдеби-танымдық бағдарламасының бұл жолғы шығарылымында танымал қаламгер, ақын Ақберен Елгезектің ел аузында жүрген «Болмаған балалық шақ» повесі туралы әңгіме өрбіді. 

Бағдарламаға қонақ һәм сарапшы ретінде белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы мен жазушы Мақсат Мәлік қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Бағдарламаның мақсаты – көрерменнің кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға үндеу. Халықтық сипатқа ие болған шығармаларды талқылай отырып, шығарма кейіпкерлерінің өмірден алынатындығын көрсету арқылы көрерменді кітапқа жақындату.