
Урсула дауылынан 41 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ABS-CBN News сайтына сілтеме жасап.
Апат қаупін азайту және тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мәліметінше, Крисмас мерекесі кезінде елде ұйытқыған жел мен нөсер жаңбыр салдарынан он екі адам із-түзсіз жоғалып, 28 адам жарақат алған.
Мерт болғандардың ең көбі Батыс Висяста тіркелген - 20 адам, одан кейін Шығыс Висаяста - 13, Мимаропада - 7 және Орталық Висаяда - 1 адам.
Ұлттық кеңес өкілі Марк Тимбаланың айтуынша, құрбан болғандардың көпшілігі суға батып кеткен, ал қалғандары құлаған ағаштың астында қалып, ауыр жарақат алған, электр тогы соғып немесе көлік апатынан көз жұмған.
Филиппин аумағында болған тайфун сенбі күні таңертең Мимаропа, Биколе және Висайяхтың саяжайы мен инфрақұрылымдарына шамамен 1 миллиард фунт-стерлинг сомасында шығын келтірген.
