07 ақп, 2024 сағат 13:12

Үш жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорынан ақша алынбайды


© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтарын кім қаржыландыратынын айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, үш ЖЭО-ның құрылысына шетелдік инвестиция тартылады.

"Бұл жоба инвесторлар есебінен қаржыландырылады. Шетелдік компаниялармен тиісті келісімге қол қойылды. Оны Самұрық-Энерго және ресейлік Интер РАО компаниясы жүзеге асырады. Ресей Федерациясының технологиялары қолданылады. Зейнетақы қорының қаражаты пайдаланылмайды. Инвесторлардың қаржысы жұмсалады, ол тариф есебінен қайтарылады", - деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.

Айта кетері, Өскемен, Семей және Көкшетау қалаларында жылу электр орталықтары салынады.