Фото: РИА Новости
Президенттердің әңгімесі 2 сағаттан аса уақытқа созылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ресей президентінің айтуынша, әңгіме мазмұнды, ашық және өте пайдалы болған. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздерді қайта бастауға қосқан үлесі үшін Трампқа алғыс білдіргенін айтты.
- - Стамбұлдағы байланыстардың қайта жандануы тараптардың "жалпы алғанда дұрыс бағытта келе жатқанын" көрсетеді;
- - Ресей болашақ бейбіт келісім туралы меморандум бойынша Киевпен жұмыс істеуге дайын. Бұл меморандумға атысты тоқтату мәселесі мен дағдарысты реттеу қағидаттары кіруі мүмкін;
- - Ресей қарулы қақтығысты тоқтатуды қолдайды, бірақ бейбітшілікке апаратын ең тиімді жолдарды табу қажет;
- - Ресей мен Украина екі тарапқа да тиімді ымыра табуы керек;
- - Жалпы алғанда Ресейдің ұстанымы айқын. Ең бастысы — бұл дағдарыстың бастапқы себептерін жою;
- - Әңгіме барысында Трамп Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтату мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді;
- - Әңгіме егжей-тегжейін кейінірек Дмитрий Песков немесе Юрий Ушаков түсіндіреді;
"Әңгіме ашық әрі мазмұнды өтті. Менің ойымша, өте пайдалы болды. Мен Дональд Трампқа тікелей келіссөздерді қайта бастауға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірдім. Ол бітімге келу мәселесі бойынша өз ұстанымын айтты. Мен Ресейдің қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын атап өттім. Біз бейбітшілікке апаратын ең тиімді жолдарды айқындауымыз қажет. Біз Ресей Федерациясы болашақ келісім туралы меморандум бойынша — қағидаттар, мерзімдер және басқа да мәселелер бойынша, соның ішінде тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда атысты белгілі бір мерзімге тоқтату мәселесін қоса алғанда — украин тарапымен жұмыс істеуге дайын екені жөнінде келістік. Стамбұлдағы кездесуге қатысушылар арасындағы байланыстар қайта жанданды. Бұл біз жалпы алғанда дұрыс бағытта келе жатырмыз деген ой түюге негіз береді. Мен әңгімені жоғары бағалаймын. Ең бастысы — екі тарап та бейбітшілікке ұмтылыс танытып, барлық тарапты қанағаттандыратын ымыраға келуі керек. Жалпы алғанда, Ресейдің ұстанымы айқын: біз үшін ең бастысы — дағдарыстың себептерін жою", - деп келтіреді БАҚ Путиннің сөзін.