10 қаң, 2020 сағат 14:46

Ыстанбұл жағалауында кеме ресейлік танкермен соқтығысты, үш адам із-түзсіз жоғалған

Ыстанбұл жағалауында түріктің балық аулайтын кемесі ресейлік танкермен соқтығысты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Үш адам құтқарылды. Із-түзсіз жоғалған тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Ыстанбұл губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, оқиға жергілікті уақытпен 06:35-те Кильёс кентіндегі су айдынында болған.

Ресейлік GLARD-2 танкері Түркияның Dursun Ali Coşkun балық аулайтын кемесімен соқтығысқан.