Фото: yandex.kz
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлады Ult.kz.
Әкесінің дүниеден озғанын әнші Instagram-дағы парақшасында қайғыра жеткізді.
«Хош бол, ӘКЕ!! Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63-тен асты де, Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де.
Шүкір де, Біз өсірген ұл-қыздар Бәрі бүгін өсті де..
Ақымыз болса кешіңіз ӘКЕШІМ!», - деп жазды ол.
