05 ақп, 2026 сағат 11:41

Зеленский: Соғыста Украина жағынан 55 мың сарбаз қаза тапты

Фото: РБК

Ресми емес деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Атап айтқанда, аты-жөні бойынша тізім жүргізетін UALosses атты аноним жобаның сайтында 92 мыңнан астам әскери қызметкердің қаза тапқаны, тағы шамамен 90 мыңының хабар-ошарсыз кеткені көрсетілген.

"Украинада ресми түрде ұрыс даласында қаза тапқан әскери қызметкерлер бар — мобилизацияланғандар да, кәсіби әскерилер де. Қаза тапқандар саны — 55 мың. Бұған қоса, Украинада… хабар-ошарсыз кеткен адамдардың да саны көп", — деді ол France 2 француз телеарнасына берген сұхбатында.