08 шіл, 2025 сағат 16:38

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 14:30-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші (балл бойынша):

  • Құлан ауылы  - 6 балл
  • Меркі ауылы  - 5 балл
  • Шу қаласы  - 3 балл
  • Сарыкемер ауылы  - 3 балл
  • Төле би ауылы  - 3 балл
  • Тараз қаласы  - 3 балл
  • Аса ауылы  - 2 балл
  • Мойынқұм ауылы  - 2 балл
  • Қордай ауылы  - 2 балл
  • Бауыржан Момышұлы ауылы  - 2 балл
  • Қаратау қаласы  - 2 балл
  • Тұрар Рысқұлов ауылы  2 балл

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды.

Байланыс және көмек үшін жедел желі іске қосылды:

ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67