Фото: Үкімет
Үкіметте өткен жиында білім беру саласын қаржыландыру және жекеменшік мектептерге бөлінетін қаражатты бақылау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаржы министрлігі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда:
- ▪️745 мекеменің 155-і алған кірісін көрсетпеген;
- ▪️Цифрландырылған 427 мектептің шамамен 30%-ы өз қызмет түрі бойынша бекітілген мақсаттарына сай емес;
- ▪️64 мектепте оқушы саны жобалық қуатынан екі есе көп;
- ▪️Жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру фактілері табылған.
Биыл e-Qazyna.kz веб-порталында OrtaBilim ақпараттық қызметі іске қосылды. Жүйе білім алушылардың саны мен контингентін, рұқсат құжаттарының болуын және басқа да автоматты тексеру арқылы деректердің дұрыстығын бақылауды күшейтуге бағытталған.
Премьер-Министр Олжас Бектенов бірде-бір мемлекеттік қаржы заңсыз айналымға кетпеуі тиіс екенін айтып, бірқатар ведомстволарға тапсырма берді.
