Фото: Pexels.com
Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен интернетте жарнама жасайтын желі қолданушылардың табысын бақылауға алады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Камералдық бақылауға тек блогерлер ғана емес, барлығы кіреді. Мақсат — салық міндетінің орындалуын анықтау", — делінген комитет таратқан қосымша хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, камералдық бақылауға әлеуметтік желіде 20 мыңнан астам оқырманы бар жарнама жасап табыс тауып жүрген азаматтар кіреді.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен блогерлерге хабарлама жібере бастағаны туралы хабарлаған едік.