Фото: diapazon.kz
Ақтөбе облыстық полициясы терроризм туралы жалған хабар таратылғаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
"Бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілер жақын арада анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Ақпаратқа сәйкес, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Оның ішінде бейнебақылау күшейтіліп, мектептер маңында полиция жасақтарының санын артып жатыр.
Полиция азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
