Фото: ашық дереккөз
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты әлеуметтік желіде орынсыз және қорлау сипатындағы пікір қалдырған алматылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Виолетта Паршина есімді қолданушы Threads желісінде жарияланған жазбалар астына Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы әдепсіз және қорлаушы сипаттағы пікірлер қалдырған. Бұл жазбалар қоғамда кең резонанс тудырды.
Осы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктіні полицияға жеткізген. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін аталған азаматшаның жұмыстан шығарылғаны да хабарланған.
