07 нау, 2023 сағат 16:57

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға қанша мектеп салынады?

Сурет: inform.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты.

"Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды", - деді министр Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.