29 қыр, 2025 сағат 16:20

Жер қойнауын пайдаланушыларға 50 млрд теңге айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда көмірсутектер саласындағы келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған компанияларға 50 млрд теңге көлемінде айыппұл мен берешек есептелді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгінде елімізде барлығы 327 келісімшарт бар: оның ішінде 133-і барлау, 12-сі дайындық кезеңінде, ал 182-сі өндіру бойынша. Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап жүргізілген кешенді мониторинг нәтижесінде былтырғы жылдың өзінде ғана 19 млрд теңге айыппұл салынған.

Жер қойнауын пайдаланушыларға 160-тан астам хабарлама жолданды. Қазіргі таңда шамамен 1 млрд теңге өтелді, қалған соманы өндіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында келісімшарттық талаптарды сақтамаған 11 келісімшарттың күші жойылғаны белгілі болды.