23 ақп, 2023 сағат 18:18

Журналист Вадим Борейко операторының көлігін өртеген күдікті қамалды

Фото: facebook.com/vadim.boreiko

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігін өртеп жіберді деген күдікті қамауға алынды. Санкцияны Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған. 

"Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді қалалық сот.