28 ақп, 2023 сағат 13:12

Журналистерге жасалған шабуылдарды үйлестіруші қамауға алынды

Фото: t.me/VBoreiko

Журналистерге жасалған шабуылдардың үйлестірушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Т.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы екі айға, яғни 2023 жылдың 22 сәуіріне дейін санкцияланды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны хабарланған еді.