29 қаң, 2026 сағат 12:35

Атырау облысында жоғалған 59 жастағы азаматтың мүрдесі 19 күннен кейін табылды

Фото: ашық дереккөз

Мәйіті жеке заттары табылған орыннан 100 метрге жуық қышықтықта Жайық өзенінен 2 метр тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 

Іздеу кезінде Жайық өзенінің жағалауы, өзен түбі қаралған.

Еске салайық, Атырау қаласына ем алуға барған Мақат ауданының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да Көкарна ауылындағы қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.