Фото: ашық дереккөз
Үндістанда Нипах вирусының өршуі тіркелді. Бұл – жануарлардан адамға жұғатын қауіпті инфекция. Қазақстанда әзірге бірде-бір жағдай анықталған жоқ, эпидемиологиялық ахуал бақылауда, дейді билік.
Сақтық шаралары
Дәрігерлер өңделмеген шырындардан бас тартуға, бүлінген немесе зақымданған жемістерді жемeуге кеңес береді. Тамақты жақсылап жуу, қол гигиенасын сақтау — ең қарапайым, бірақ тиімді қорғаныс.
Сапардан кейінгі белгілер
Егер шетелден, әсіресе Азия елдерінен келген соң тұмауға ұқсас симптомдар байқалса, уақыт өткізбей дәрігерге көріну қажет.
Саяхатқа қатысты ескерту
Індет кезінде Оңтүстік-Шығыс Азияға баруды шектеу немесе маска тағу, адам көп жиналатын орындардан және жануарлармен байланыстан аулақ болу ұсынылады.
Жаһандық бақылау
Үндістандағы жағдайдан кейін кей елдер әуежайларда санитарлық бақылауды күшейтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың кең таралу қаупін әзірге төмен деп бағалап отыр.
