14 сәу, 2020 сағат 17:35

15 сәуір күнгі ауа райы болжамы

15 сәуірде Қазақстанда шаңды дауыл, тұман және жел соғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады, Ақтауда шаңды дауыл күндіз болуы ықтимал. 

15 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қостанай облысында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтілуде. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. 

15-16 сәуірде елдің бірқатар аумағына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.