02 сәу, 2026 сағат 13:10

15 жастағы қазақ футболшысы “Барселонаға” өтті


Фото: offside.kz


15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі FC Barcelona клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жас талант келесі маусымнан бастап каталониялық команданың жүйесіне ресми түрде қосылады. Осылайша, ол “Барселонамен” келісімшарт жасаған алғашқы қазақ футболшысы атанғалы отыр.


Кәрім Меңдіқанов 2011 жылы дүниеге келген. Ол Испанияға 2022 жылы көшіп барып, содан бері жергілікті футбол жүйесінде жаттығып келеді.


Өткен маусымда жас ойыншы аймақтық лигада Cerdanyola FC сапында өнер көрсетсе, биыл Sant Cugat FC клубына ауысып, команданың көшбасшыларының біріне айналған. Дәл осы кезеңде оны ірі клубтардың скауттары байқап, нәтижесінде “Барселона” өз қатарына шақырды.