20 сәу, 2023 сағат 11:06

17 жастағы қазақ қызы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірін жеңді

фото: Меруерт Камалиденованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді, - деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

"Астана қаласының өкілі Меруерт Камалиденова - шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті!", - делінген хабарламада.