26 қаз, 2020 сағат 16:21

18 қарашада «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді

18 қараша күні Нұр-Сұлтанда «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы саяси кеңесінің отырысында партия мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кезектен тыс съезде қандай мәселелерді талқылаймыз? Күн тәртібінде Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну, сайлауалды үгіт-насихат науқанын бекіту, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына жаңа мүшелер сайлау және тағы да басқа мәселелер бар», - дейді партия төрағасы Әли Бектаев.