Фото:AFP 2023 / HANDOUT
Украина Президенті Владимир Зелинский 2024 жылғы соғысқа кеткен шығындарды атады, деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылғы әскери қақтығыс Украинаға 100 миллиард доллардан астам шығын әкелген. Оның 60%-ын АҚШ пен Еуропалық Одақ өтеген. Бұл туралы 16 қаңтар күні Украина Президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«АҚШ пен Еуропа арасындағы Украинаны қолдау бойынша біртұтас одақты жоғалтуға жол бере алмаймыз. Бірақ Украина бұл соғысқа қандай үлес қосып жатқанын да естен шығармауымыз керек. 2024 жылғы соғыс Украинаның Қорғаныс күштерін қамтамасыз ету үшін 100 миллиард доллардан астам шығынға алып келді. Оның 40 миллиард доллары Украинадан, 35 миллиард доллары АҚШ-тан, ал 25 миллиард доллары Еуропадан түсті», – деді Зеленский.
Сонымен қатар, Зеленский Ұлыбританияның Украинаға жыл сайын 3,6 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін хабарлады.
«Біз жылына кемінде 3,6 миллиард доллар көлеміндегі әскери көмекті келісіп алдық. Бұл көмек қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт жалғасады», – деді ол.
Бұдан бөлек, Зеленский мұздатылған Ресей активтерінен түсетін қаражат есебінен Украина 2025 жылы Лондоннан жалпы сомасы 6,6 миллиард доллар көмек күтетінін атап өтті.