Фото: ашық дереккөз
Келесі жылдан бастап Қазақстанда ұл балаларға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, АПВ жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.
2023 жылы бұл екпе қыз балаларға егіле бастады. Қазір Үкімет ер балаларға да вакцина салу мәселесін қарастыруда.
"Шамамен бір жылдан кейін бұл жұмысты бастау көзделіп отыр", – деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр қыз балаларға арналған екпе жасын кеңейту және екпені ақылы түрде де қолжетімді ету жоспарланып жатқанын айтты.
