06 мам, 2026 сағат 10:34

6 мамырға арналған ауа райы болжамы



Төтенше жағдайлар министрлігі 6 мамырда елдің көп бөлігінде жаңбыр күтілетінін хабарлады, деп жазады Ult.kz.

Жаңбыр: Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Ұлытау, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласының таулы аймақтарында, Жамбыл және Алматы облыстарында.

Желдің екпіні 15–20 м/с Атырау облысының шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында; Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және басым бөлігінде; Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында; Павлодар облысының басым бөлігінде; Қарағанды облысының солтүстік-шығысында; Абай облысының солтүстігінде; Ұлытау облысының батысында; Қызылорда облысының оңтүстік-батысында.

 Тұман: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Жамбыл облыстарында күтіледі.