10 қыр, 2020 сағат 17:02

7 жыл халықаралық іздеуге болған қылмыскер Нұр-Сұлтанда ұсталды

Елордада «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, елорданың полиция қызметкерлері Жеңіс даңғылы бойын шолғындау барысында өзін күдікті ұстаған әрі жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған азаматты тоқтатқан. Оның тұрғылықты жері де болмағаны анықталды. Тұлғасын анықтау үшін ер адам Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеткізген. Нәтижесінде, ол 1983 жылы дүниеге келген Қырғыз Республикасының азаматы екендігі, 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде болғаны белгілі болды. 

«Ұсталған азамат қабылдау-тарату орнына түскен кезде өзіне қатысты мүлдем басқа мәліметтер беріп, аты-жөнін жалған айтты. Жүргізілген шаралардың барысында оның кім екендігі анықталып отыр», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД қабылдау-тарату орнының бастығы Асқар Түрекенов. 

«Учаске» алдын алу шарасы өткен үш күннің ішінде учаскелік полиция инспекторлары 568 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатарында қоғамдық орында ішімдік ішу, кішігірім бұзақылық, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы құқыққа қайшы әрекеттер, меншік иелерінің азаматтарды пәтерлеріне заңсыз тіркеуі сынды заң бұзушылықтар бар. Сонымен қатар учаскелік полция қызметкерлері осы уақытта өздері қызмет көрсететін тұрғын үйалаптары мен көпқабатты үйлердің аумағында 4 мыңнан астам тексеріп шығу жұмыстарын жүргізді.