18 шіл, 2023 сағат 13:25

769 миллион теңгеден аса шығын. БҚО-да қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Фото: Shutterstock

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша Chia Tai Pharmaceutical компаниясының өкілдеріне қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Сонымен қатар «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. 

"Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген агенттік хабарламасында.