Фото: tucsonweekly.com
Абай облысындағы түрмеде адам қаза болды. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ult.kz «Тіл кеспек жоқ» telegram арнасына сілтеме жасап.
Абай облысындағы колонияда жазасын өтеуші қала болды.
«Екі сотталушы жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісін соққыға жыққан. Алған жарақаттары ауыр болып, жәбірленуші қайтыс болған», — делінген ресми хабарламада. (Ulysmediakz)
Ал «Бәсе» арнасы: «Семейдегі ОВ-156/19 қатаң режимді колонияда 38 жастағы Жандос Бадаубаевтың ауыр соққыдан қаза болғанын» жазған.
Қазір «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
