14 мау, 2025 сағат 13:10

Әбиба Әбужақынова - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: Ulyssport.kz

Дзюдодан Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан жаһандық доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Ult.kz.

48 келідегі Абиба Әбужақынова шешуші сында былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) жолығып, есе жіберді.

Қос спортшы 2023 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс италиялық спортшыға бұйырған еді.

Марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың өзі қатысып, Абиба Әбужақыноваға медальды өзі тақты.

Естеріңізге сала кетейік, Абиба бұған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, 2 мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған болатын.