22 нау, 2020 сағат 18:20

Африка елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша, әлемде вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты. Олардың 13 мыңы мерт болды, 92 мың адам сауығып кетті.

Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

Індеттің тарауының күрт арту жағдайлары әсіресе Африка елдерінде байқалды. 

Бұл аймақта 1198 адамнан Covid-19 вирусы табылды. Африка құрлығында осы уақытқа дейін коронавируспен байланысты жағдай оңды болып келген еді.