17 мау, 2021 сағат 15:30

Ақтаулық егіздер турнирдің финалына шығып, жеңімпазды төбелессіз анықтады (Видео)


Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде бір-бірімен төбелесуден бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз "тас, қайшы, қағаз" ойыны арқылы анықталды. Бұл "текетіресте" Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.

2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы тхэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден аса спортшы қатысты.